Рыбакина Қазақстан теннис федерациясының премиясынан бас тартты
Уимблдон-2022 чемпионы Елена Рыбакина Қазақстан теннис федерациясының премиясынан бас тартты.
Бұл туралы федерацияның вице-президенті Юрий Польский айтты. Ал жеңісі үшін алған 2 млн фунтов стерлинг немесе 1,14 млрд теңгенің жартысын спортшы қайырымдылыққа жұмсамақшы.
– Біз федерация атынан Елена Рыбакинаны қаржылай ынталандырғымыз келді, бірақ ол бас тартты. Ол сыйлықты Қазақстандағы қайырымдылық пен жастарды қолдауға жұмсағысы келеді, – деп хабарлады Қазақстанның теннис Федерациясы.
Еске салайық, 9 шілдеде Елена Рыбакина Уимблдонның жаңа чемпионы атанды. Финалда қазақстандық спортшы Тунистен келген Онс Жаберді ұтты.
Комментариев пока нет