Рыбакина Miami Open турнирінің ширек финалына өтті
Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Miami Open турнирінің 1/8 финалында жеңіске жетіп, турнирдің ширек финалына өтті, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Елена Рыбакина турнирдің 1/8 финалында бельгиялық теннисші Элизе Мертенспен ойнады.
1 сағат 46 минутқа созылған ойынның нәтижесінде қазақстандық спортшы қарсыласын 6:4, 6:3 есебімен жеңді.
Айта кетейік, спортшы 2022 жылғы «Уимблдон» турнирінде жеңіске жетіп, сыйақы қаржысының бір бөлігін қайырымдылыққа және Қазақстандағы жастарды қолдауға жұмсауға уәде берді.
Фото: ашық дереккөз
Комментариев пока нет