Құрылтайда қойылатын спектакльге қатысуға құлқым жоқ – Елгезек
Ақын, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек қызметінен кеткені туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары қызметінен ресми түрде кеткенін айтқан ол «келе жатқан Құрылтайда қойылатын спектакльге қатысуға құлқым жоқ» деген пікір білдірді.
– Ардақты ағайын! Мен бүгіннен бастап Қазақстан жазушылары одағындағы қызметімнен ресми түрде кеттім. Келе жатқан Құрылтайда қойылатын спектакльге қатысуға құлқым жоқ. Ұлтымыздың ұлы әдебиеті жасай берсін! – деп жазды ақын Facebook парақшасында.
Ақберен Елгезек – 1980 жылы дүниеге келген. Семей облысы Шұбартау ауданы Мәдениет ауылында Е.Рахмадиев атындағы орта мектепті бітірген.
Қазақстан «Серпер» жастар сыйлығының, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың және Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының, «Алтын қалам» қоғамдық сыйлығының иегері
Фото: ашық дереккөз



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.