Салтанат Нүкенованың өлімі: Сот сараптамасының нәтижесі қашан шығады?
Марқұм Салтанат Нүкенованың өлімі бойынша 12 сараптама тағайындалды. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
– Қылмыстық іс аясында 12 сараптама тағайындалды. 10 сараптама өткізілді. Бір сараптама осы аптада аяқталады. Тағы бір сараптама 30 күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі, – деді Талғат Уәли журналистердің сұрақтарына жауап берген сәтінде.
Еске салайық, 9 қарашада бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ұсталған еді. 8 қараша күні кешке Астанадағы мейрамханалардың бірінде экс-министрдің жұбайы Салтанат Нүкенова қайтыс болды. Бишімбаев кісі өлтірді деген күдікпен қамауға алынды.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.