Сауда және интеграция министрі тағайындалды - Exclusive
Поддержать

Сауда және интеграция министрі тағайындалды

Серік Жұманғарин Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі болып тағайындалды.

– Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі болып тағайындалды, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

5 тамызда Серік Жұманғарин премьер-министр орынбасары – сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы қызметіне тағайындалды.

Бұған бұл қызметте болған Бақыт Сұлтанов қант төңірегіндегі мәселеге байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевтан сөгіс алды.

Фото: informburo.kz




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *