Ya Metrika Fast


English version

Саяси партиялар үгіт-насихат науқанында қанша қаржы жұмсады?

Контекст дня — 3 апреля 2023 17:30
0
Изображение 1 для Саяси партиялар үгіт-насихат науқанында қанша қаржы жұмсады?

Саяси партиялардың Қазақстандағы үгіт-насихат науқаны кезінде қанша ақша жұмсағаны белгілі болды.

Санжар Боқаев әлеуметтік желіде партиялардың үгіт-насихат жұмыстарына жұмсаған шығындары туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Сайлауалды үгіт-насихат науқанына Amanat партиясы ең көп қаржы жұмсаған:

– Amanat – 1 049 996 000 теңге;

– «Ауыл» – 784 503 200 теңге;

– Respublica партиясы – 677 403 000 теңге;


– «Ақ жол» – 647 714 800 теңге;

– Халық партиясы – 499 167 200 теңге;

– ЖСДП – 329 800 000 теңге;

– «Байтақ» – 77 225 100 теңге.

Айта кетейік, 2023 жылғы 19 наурызда Қазақстанда Парламент мәжілісі және мәслихаттар депутаттарын сайлау өтті. Сайлауға жеті партия өз кандидаттарын ұсынды.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.