Ya Metrika Fast
ҚҰРЫЛТАЙ
Партия «Адилет» (Әділет)


Реестр деклараций

Сеулдегі Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде қазақстандық студент көз жұмды

Контекст дня — 30 октября 2022 16:00
0
Изображение 1 для Сеулдегі Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде қазақстандық студент көз жұмды

Оңтүстік Кореяның Итэвон ауданындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың арасында Қазақстан Республикасының азаматы, 1996 жылы туған, Ақтөбе облысының тумасы табылды.

Марқұм Корея Республикасының жоғары оқу орындарының бірінің студенті болған. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

– Қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен байланыста, құжаттарды рәсімдеу мен мәйітті Қазақстанға жеткізу бойынша қажетті көмек көрсетіп жатыр, – деп жазылған СІМ хабарламасында.


Айта кетейік, Сеул қаласында болған қайғылы оқиғаның салдарынан соңғы мәліметтер бойынша 151 адам қаза тауып, 82 адам зардап шекті.

Фото: Риа

Изображение 2 для Сеулдегі Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде қазақстандық студент көз жұмды

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.