Шаханов: Тоқаев дегенде ішкен асымды жерге қоямын, ол – шыншыл адам - Exclusive
Поддержать

Шаханов: Тоқаев дегенде ішкен асымды жерге қоямын, ол – шыншыл адам

Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары белгілі ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановпен кездесті.

Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары ақынға оның сайлауалды бағдарламасы айтып берді.

– Елде үлкен саяси науқан, бұл тарихи сәт. Әрбір қазақ азаматы атсалысуы керек. Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатын қолдаймыз. Президенттің сайлауалды бағдарламасы халықтың көкейінде жүрген барлық мәселені қамтиды, – деді Сабыржан Зайнидинов.

Мұхтар Шаханов келген азаматтарға бата беріп, Тоқаевты шыншыл адам деп атады. Сондай-ақ толық қолдайтынын жеткізді.

– Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатын толық қолдаймын. Себебі, оған теңдес адам жоқ. Өте шыншыл адам. Елдік, ұлттық мүддеге терең тамыр жіберген адам. Тоқаев дегенде ішкен асымды жерге қоямын. Шындық биігінен, рухани әділдік биігінен бой көрсете беріңдер! Сол биікте бас қоса берейік, – деді Шаханов.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.