Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Ділманов екі айға қамалды
Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Дархан Ділманов екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
– Алматы тергеу сотының 2022 жылғы 24 маусымдағы қаулысымен күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініш қанағаттандырылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ, – деп хабарлады баспасөз қызметі Сотта Ділманов екі айға қамауға алынғанын атап өтті.
Еске салайық, 22 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бұрынғы басшысының ұсталғанын мәлімдеген еді.
Комментариев пока нет