Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров қызметінен кетуі мүмкін - Exclusive
Поддержать

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров қызметінен кетуі мүмкін

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Telegram арнасында қызметінен кетуі мүмкін екенін хабарлады.

– Мен өзім ұзақ отырғанымды байқадым және демалысқа лайықпын деп санаймын. Сіздер мені қолдап, түсінесіздер деп үміттенемін, – деді ол.

Қадыров Шешенстанда «уақытында кеткен қонаққа сый-құрмет арта түседі» деген сөз бар екенін айтты.

– Менің уақытым келді деп ойлаймын. Мен қазір қартайдым, бір кездері жас, тәжірибесіз едім, – деді Шешенстан басшысы.

Рамзан Қадыров 2007 жылдан бері Шешенстанды басқарып келеді. Қадыров 2021 жылдың қыркүйегінде Республика басшысы болып қайта сайланды, оның өкілеттік мерзімі 2026 жылы аяқталады.

Шілде айының соңында Ресей президенті Владимир Путин Шешенстан басшысын республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін және мемлекеттік маңызы бар міндеттерді тиімді шешкені үшін Александр Невский орденімен марапаттады.

Фото: grozny.tv




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *