Шетелге қашқан Күдебаев туралы тың деректер пайда болды
Прокурор соттан Серік Күдебаевтың ісін қарауды тоқтата тұруды және оған халықаралық іздеу жариялауды сұрады, деп хабарлайды Exclusive.kz.
– Прокурор соттан Күдебаевтың ісін қарауды тоқтата тұруды және оны халықаралық іздеуге жариялауды сұрады. Ол 23 наурыз күні Қазақстаннан Қырғызстанға, сол жерден Түркияға кетті. Судьялардың айтуынша, мұны Қырғызстанның шекара қызметі растады, – деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған еді.
Қаңтар оқиғасына байланысты сотты болған Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың елден қашып кеткені туралы ақпарат тарады.
Серік Күдебаевтың 23-24 наурыз күні елден қашып, Қырғызстанмен шекараны заңсыз кесіп өткен. Кейін Бішкек арқылы Түркияға жол тартқан.
Фото: ашық дереккөз



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.