Шри-Ланка: Наразы жұрт президент резиденциясына басып кірді - Exclusive
Поддержать

Шри-Ланка: Наразы жұрт президент резиденциясына басып кірді

Шри-Ланкада наразылық білдірушілер президент резиденциясына басып кірді.

Reuters агенттігінің мәліметінше, Шри-Ланканың коммерциялық астанасы Коломбодағы мыңдаған демонстранттар полиция тосқауылдарын бұзып, президенттің ресми резиденциясына басып кірген. NewsFirst телеарнасының елдегі жағдайды көрсетті.

Елдің қорғаныс министрлігі президент Готабай Раджапакса қауіпсіздігі үшін ғимараттан шығарылғанын хабарлады.

Наразылықтар кезінде 21 адам, оның ішінде екі полиция қызметкері жарақат алып, ауруханаға түскен.

Бұған дейін Шри-Ланка билігі елдің барлық сыртқы міндеттемелері бойынша төлемдерді тоқтата тұру туралы шешім жариялады.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *