English version

Әскердегі өлім: Қорғаныс министріне қарсы петиция жарияланды

Контекст дня — 31 июля 2022 18:30
0 -1

Қазақстан халқы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты отставкаға жіберуді талап етіп жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасынан кейін Руслан Жақсылықовты Қорғаныс министрі етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Мамыр айында оған «генерал-полковник» атағы берілді.

– Сол сәттен бастап бұқаралық ақпарат құралдары жас сарбаздардың өлімі туралы жиі ақпарат тарататын болды. Қазақстан армиясында тәртіпсіздік орын алып жатыр. Ата-аналар балаларын әскерге жібергісі келмейді. Жастарды әскери қызметке мәжбүрлеп жіберу жағдайлары болды. Біз, петицияға қол қойған азаматтар, ел президентінен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты отставкаға жіберуді талап етеміз, – делінген петиция мәтінінде.

Айта кетейік, петицияға қазіргі уақытта 272 адам қол қойған. Кейінгі екі күн ішінде екі әскери қызметкер өзіне қол жұмсаған.

29 шілде күні Степногорск қаласында әскери борышын өтеп жүрген Ұлттық ұланның мерзімді әскери қызметшісі өзіне қол жұмсады. Қатардағы жауынгер Н.А. Оразбай кезекшіден дәретханаға сұранып кеткен. Кейін оны кезекші сарбаз автопарк аумағында орналасқан қойма ішінде асылып тұрған жерінен тауып алған.

Хабар 24 телеарнасының мәліметіне сәйкес, 30 шілде күні Ақтаудағы 3502 әскери бөлімінің аға сержанты Абылай Мерғалиевтің асылып өлді.

Фото ашық деректерден


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.