English version

Әскердегі өлім: Жаңаөзенде Ұлттық ұлан сарбазы асылып қалды

Контекст дня — 15 декабря 2022 15:35
0 -1

Жаңаөзенде Ұлттық ұланның әскери қызметшісі өз-өзіне қол жұмсады.

Ұлттық ұланда қызмет атқарып жүрген 19 жастағы жігіт Жаңаөзендегі №5548 әскери бөлімнің жатақханасында асылып қалған. Оны іздеген әріптестері бөлмеден мәйітін тапқан.

Марқұм 2021 жылдан бастап Ұлттық ұлан қатарында сапер болып қызмет атқарған.

– Ұлттық ұлан қатарында қаза тапқан адам 2021 жылдан бері еңбек еткен. Ақтөбе облысынан келді. Байланыс бойынша маман-сапер болып қызмет етті. Туыстарына қайғылы жағдай туралы хабарланды. Қазір біз оқиғаның мән-жайын анықтаумен айналысып жатырмыз, – дейді әскери прокурор Ерлан Құтқожа.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.