Смайылов: Басты парызымыз – ел ырысын еселей түсу
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Смайылов тәуелсіздік күні еліміздің басты мерекесі екенін атап өтіп, тәуелсіздік – көздің қарашығындай қорғалуға тиіс қастерлі құндылық екенін айтты.
– Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған мемлекеттік саясат тәуелсіздік тұғырын нығайтуға бағытталған. Шынайы жаңғыру жолына қадам басқан Қазақстан алаштың әділеттілік пен азаттық жолындағы сан ғасырлық арманын ақиқатқа айналдырды. Сондықтан біздің болашақ ұрпақ алдындағы басты парызымыз – осынау баға жетпес байлығымызды сақтап, ел ырысын еселей түсу үшін қолдан келгеннің бәрін жасау. Мерейлі мерекеде баршаңызға ашық аспан, мықты денсаулық, табыс және амандық тілеймін! – деп жазылған құттықтау хатта.
Фото: ашық дереккөз



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.