Смайылов облыс әкімдеріне сөгіс жариялады - Exclusive
Поддержать

Смайылов облыс әкімдеріне сөгіс жариялады

Бүгін Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде инвестициялық штабтың кезекті отырысын өткізіп, инвесторларды тарту бойынша нашар жұмыс жүргізген облыс әкімдеріне сөгіс жариялады. Бұл туралы ҚР Үкіметінің ресми сайты хабарлады.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров осы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 6,9 трлн теңгені құрағанын хабарлады. Жылжымайтын мүлікпен операциялар, тау-кен өнеркәсібі және мұнай өндіру, көлік және қоймалау, ауыл, орман және балық шаруашылығы, энергетика және өңдеу өнеркәсібі сияқты салалар бойынша айтарлықтай өсім байқалады.

Смайылов биыл негізгі капиталға құйылған инвестициялар бойынша 4,5% деңгейінде оң динамика байқалып отырғанын, бұл ретте 12 өңірдің белгіленген нысаналы индикаторларды орындамағанын атап өтті. Ең төменгі көрсеткіштер Шымкент қаласы, Түркістан және Ұлытау облыстарында.

— Ірі компаниялар өндіріске инвестиция салып, жаңа жұмыс орындарын ашуға дайын. Олармен жұмыс істеп, инвестициялық келісімшарттар жасау, жаңа жобалар бойынша – салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік беру қажет. Облыстар мен мемлекеттік органдардың басшылығы инвестиция тарту жұмыстарын күшейтіп, бұл мәселені ерекше бақылауда ұстауы тиіс, — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-министр I тоқсанның қорытындысы бойынша тікелей шетелдік инвестициялар ағынының 54%-ға оң динамикасы тіркелгенін атап өтті.

— Қазіргі кезде бірқатар инвесторлардың елімізге өз өндірістерін көшіру ниетімен байланысты мүмкіндіктер ашылуда. Министрлер мен әкімдер осы бағытта туындайтын мәселелерді жедел шешу үшін бар күш-жігерін жұмсасын, — деді Смайылов.

Фото: primeminister.kz




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.