English version

Сот Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша жаңа шешім шығарды

Контекст дня — 17 декабря 2023 17:30
0

Сот Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша жаңа шешім шығарды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Press.kz-ке сілтеме жасап.

– Гүлмира Сатыбалды сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденгені және ысырап еткені үшін кінәлі деп танылсын. Гүлмира Сатыбалдының мүлкін тәркілемей сегіз жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылсын. Бұлтартпау шарасын қамауда ұстау түрінде өзгеріссіз қалдырылсын, – деді судья.

Қаржы жымқыру ісі бойынша қалған қатысушыларға – Қызылорда қаласының құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы және бас маманы Тұрсын Байменов пен Ғалымжан Жаңаділовке мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдарда белгілі бір лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.