Сот Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімін ұзартты
Сот бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты қамауға алу мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
– 9 қаңтарда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотымен күдікті К. Бишимбаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 9 наурызға дейін ұзарту санкцияланды, – деп хабарлады ведомство редакциясына берген ресми жауабында.
Айта кетейік, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаев ұсталған еді. Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел қайтыс болды. Марқұм болған әйел – Қуандық Бишімбаевтың жұбайы, 31 жастағы Салтанат Нүкенова.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.