Түркістан облысында полицейлер ұсталған азаматты азаптаған - Exclusive
Поддержать

Түркістан облысында полицейлер ұсталған азаматты азаптаған

Сауран АПБ полицейлерінің күш қолданған бейнежазбасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тергеу жұмыстарын бастады.

Бейнежазба Telegram арналарының бірінде жарияланды. Оқиға биылғы жылдың 8 ақпанында Түркістан облысының Сауран ауданында болған.

Полиция ғимаратына екі қой ұрлады деген күдікпен жеткізілген ауыл тұрғыны полиция қызметкерлері оның басына пакет кигізіп, ұрды дейді.

Полиция департаменті 34 жастағы тұрғынның мал ұрлығына қатысы жоқ екенін, оған қатысты қозғалған іс тоқтатылғанын айтты. Ал оны азаптаған полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

– Аталған факті 5 ақпанда мал ұрлығы бойынша тіркелді. Полицейлер екі күдіктіні анықтады. Сотқа дейінгі тергеу толық көлемде жүргізілді, алайда қылмыстың дәлелденбеуіне байланысты ҚР ҚІЖК 35-бабының 1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес тоқтатылды, – деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Zakon.kz сайтына берген жауабында

Ведомство Сауран АПБ қызметкерлері тарапынан күш қолдану туралы мәлімдемесі сол күні назарға алынғанын айтты.

– Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы тапсырма беріп, қылмыстық іс қозғады. Биылғы жылдың ақпан айында полицейлерге қатысты қылмыстық іс Түркістан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне заң талаптарына сәйкес жолданды, – делінген хабарламада.

Фото: скриншот




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.