Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев отставкаға кетті
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев 24 тамыз күні отставкаға кету туралы өтініш берген.
Өмірзақ Шөкеев Кентаудың бұрынғы басшысы Дәурен Махажановқа қатысты сот үкімі күшіне енгеннен кейін отставкаға кетті.
Еске салайық, шілде айында Алматыда экс-шенеунік Махажанов сотталды. Ол аса ірі көлемде пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот анықтағандай, Кентау әкімі ЖШС директорын 50 млн теңге төлеуге мәжбүр еткен. Дәурен Махажанов үкімге шағым түсірді, бірақ ол өзгеріссіз қалды.
Маусым айында Түркістан облысының әкімі Кентаудың бұрынғы басшысының кінәсі сотта дәлелденсе, отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеген еді.
Фото: ашық дереккөз
Комментариев пока нет