Тәжікстан қазақстандық жерсерікті пайдаланады - Exclusive
Поддержать

Тәжікстан қазақстандық жерсерікті пайдаланады

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ және «Исател» ЖШҚ (Тәжікстан) «Kazsat-3» ғарыш аппаратының транспондерлік сыйымдылығын ұсыну бойынша қызметтерді көрсету туралы шартқа қол қойды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

– Құжатқа сәйкес, Тәжікстанда қазақстандық жерсеріктік байланыс ресурстары арқылы еліміздің алыста орналасқан елді-мекендері үшін байланыс арналары ұйымдастырылады. Шартқа «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Василий Леонов пен «Исател» ЖШҚ директоры Умед Тагоев қол қойды, – делінген хабарламада.

«Исател» ЖШҚ компаниясы «Телерадиоком» ААҚ еншілес ұйымы және Тәжікстандағы байланыс операторы болып табылады. Оның Душанбе қаласында өзінің телепорты және желілік басқару станциясы бар, елдің мемлекеттік органдары мен жеке компаниялары үшін Интернетке қол жетімділікті қамтамасыз етеді.

Халықаралық нарыққа шығу – екі байланыс жерсерігінен және жерүсті басқару кешендерінен тұратын, «Kazsat» ғарыш жүйесін сәтті басқаратын Қазақстан Республикасының ұлттық ғарыштық байланыс операторы — «РҒБО» АҚ маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Қазақстанның жерсеріктік байланыс жүйесі еліміздің байланыс қызметтері қажеттілігін толығымен қамтамасыз етеді, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ Қырғыз Республикасына да ғарыштық байланыс өнімдерін жеткізеді.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *