Танымал актер Қазақфильмді сынға алды
Әлеуметтік желіде танымал қазақстандық актер Жан Байжанбаевтың Кинематографияшылар одағының жиналысында сөйлеген сөзінің видеосы қызу талқыға түсті. Актер қазақстандық кино мен «Қазақфильм» киностудиясының жұмысын сынға алды.
– Мен кинематографтар мен киностудияның жағдайына қатты алаңдаймын. Мемлекеттік кино мен Кинематографияшылар одағы ортақ мәселелерді, актерлер мен режиссерлердің жеке мәселелерін бірге шешкен кезі есімде. Қазір қандай да бір тәртіпсіздік орнағандай. Жас ұрпақ менен: «студияда не болып жатыр?» деп сұрағанда, жауап беруге ұяламын. Киностудияны 20 жыл бұрын басқарған адамдарды қатты құрметтеймін. Қазір жағдай мәз емес. Қор бір бағытқа, Кинематографистер одағы басқа бағытқа, киностудия үшінші бағытқа таралды. Өте өкінішті. Көпшілік неге жеңіл фильмдерге түсесің деп сұрайды. 20 жыл студияда жұмыс істеген уақыттта 40 фильмге түстім. Кейінгі 20 жылда төрт фильмге ғана түстім. Халықаралық фестивальдерге соңғы рет 2003 жылы бардым. Мені тізімдерінен сызып тастаған», – деді актер.
Оның айтуынша, продюсерлер мен режиссерлердің мәселесі шешіледі де, актерлар ұмыт болған.
– Бәрі бірдеңені шешіп жатқан сыңай көрсеткенімен, шешмін таба алмай келеді. Бәрі – бизнесмен. Сендер тек продюсерлер мен режиссерлердің мәселесін шешесіңдер. Актерлер туралы мүлдем ұмыттыңдар. Актер – киноның бет-бейнесі. Шығармашылық адам емес, бизнесмен болғандықтан осылай істеп жатсыңдар. Халықтың сүйікті актеріне айналған Фара көз жұмды. Ол менен өмірінің соңында 200 доллар қарызға алған. Оған кім көмектесті? Бәрі тек өз проблемаларын шешіп жатты, – деді Байжанбаев.
Фото: ашық дереккөз

Комментариев пока нет