English version

Тауға қашап жазу жазған мәдениет үйінің директоры қызметінен кетті

Контекст дня — 29 августа 2023 17:20
0 -1

Маңғыстауда Ыбықты сай шатқалын қашап, жазу жазған қалалық зағиптар үйінің директоры Манас Көшербаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Ақпаратты Ақтөбе мәдениет басқармасы басшысы Алтынай Юнисова растады. Оның айтуынша, Манас Көшербаев өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш жазған. 

Тауды қашап, жазу жазған шенеунік әдепсіз әрекеті үшін кешірім сұраған еді. 

– Ыбықты сай — Маңғыстаудың көркем жерлерінің бірі. Өкініштісі, қараусыз қалған. Жолы өте нашар, жан-жағы қоқысқа толы. Сол әдемі, керемет үңгірдің іші толған жазу, әдепсіз сөздер. Сондай бір дөрекі сөзді әдемі есімге айналдырмақ ниетім ғана болды. Аңдаусыз жаза бастым! – деді Манас Көшербаев. 

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.