«Титулға күресуге әбден лайықпын»: Рахмоновтың келесі қарсыласы кім?
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов америкалық атақты UFC жауынгері Стивен Томсонды қылқындыру әдісімен жеңді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Шавкат Рахмонов үш раундтан тұратын жекпе-жектің екінші раундының соңғы секундтарында қылқындыру әдісін жасап, мансабындағы 18-ші жеңісін тіркеді.
Айта кетейік, Рахмонов өз салмағындағы белдіктің жеңімпазымен күш сынасуға дайын екенін білдірді.
– Қуаныштымын! Титулға күресуге әбден лайықпын. Өз салмағымдағы белдіктіктің жеңімпазымен жекпе-жекке шығуға дайынмын, – деді ол.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.