Тоғжанов зейнет жасына қатысты нақты жауап берді
Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов зейнет жасының төмендеуі туралы тағы да пікір білдірді.
– Мен сізге премьер-министрдің осы мәселеге жетекшілік ететін орынбасары ретінде нақты жауап беремін. Бұл мәселемен жеке өзім айналысамын. Жұмыс тобы құрылды, әлеуметтік кодексті әзірлеу аясында тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді Ералы Тоғжанов Үкімет отырысында.
Тоғжанов нақты мерзімдерді атаған жоқ, тек мәселе жыл соңына дейін қабылданатын, әлеуметтік кодекс аясында шешілетінін айтты.
– Бұл бір күндік мәселе емес. Мен жыл соңына дейін шешім қабылданады деп айта аламын. Жазда да, күзде де талқылаймыз, – деді Ералы Тоғжанов.
Еске салайық, 28 маусымда рремьер-министрдің орынбасары — Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкіметте зейнет жасын төмендету мәселесі әлі талқыланбағанын мәлімдеді.
Фото ашық дерек көздерінен
Комментариев пока нет