Тоқаев: Құрбан айт – имандылық пен жанашырлықтың мейрамы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұсылман қауымын Құрбан айт мерекесімен
құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
– Қымбатты отандастар! Сіздерді күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – имандылық пен адамгершіліктің, мейірімділік пен жанашырлықтың мейрамы. Мұсылмандар осы күндерде мұқтаж жандарға көмектесіп, қамқорлық көрсетеді. Бір-біріне ізгі тілектерін айтып, жақсылық жасауға ұмтылады, – президент.
Мемлекет басшысы Құрбан айт мерекесі Қазақстанда тұратын түрлі этнос және конфессия өкілдерінің өзара сыйластығы мен құрметін арттыратынын атап өтті.
Құрбан айт мейрамы елімізде рухани құндылықтарды берік орнықтырып, қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты сақтау жолында ерекше рөл атқарады.
Бұл мереке Қазақстанда тұратын түрлі этнос және конфессия өкілдерінің өзара сыйластығы мен құрметін арттырып, достығын нығайта түседі. Халықты береке-бірлікке шақырып, ырыс-ынтымағын еселейді. Бейбітшілік пен ізгіліктің бастауы болған ата дініміздің басты мәні – осында. Бүгінгі ұлық мейрамда шалған құрбандықтарыңыз бен тілеген дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! – деп қорытындылады Тоқаев.
Фото: Ақорда
Комментариев пока нет