Тоқаев Шөкеевті қызметінен босатты
Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
– Мемлекет басшысының Жарлығымен Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Түркістан облысының әкімі лауазымынан босатылды. Президент аймақ басшысы қызметіндегі көп жылғы жұмысы үшін алғыс айтты, – делінген хабарламада.
Түркістан облысының әкімі болып Дархан Сатыбалды тағайындалды. Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
– Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды, – делінген хабарламада.
Фото: ашық дереккөз
Комментариев пока нет