Тоқаев Зеленскиймен сөйлесті - Exclusive
Поддержать

Тоқаев Зеленскиймен сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Украина тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский бірін-бірі екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығымен құттықтады. Бұл атаулы күн 23 шілдеде атап өтіледі.

– Қасым-Жомарт Тоқаев осы кезең ішінде экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуда маңызды әрі оң нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті. Қазақстан Президенті БҰҰ-ның көмек көрсетуімен Украина астығын экспорттау жөніндегі Түркияда қол жеткізілген үшжақты келісімге оң баға берді, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Украинадағы жағдайды дипломатиялық жолмен реттеуге қатысты Қазақстанның түбегейлі ұстанымын растады.

Фото: Ақорда




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *