Тоқаевтың баспасөз хатшысы Ресей туралы пікір білдірді - Exclusive
Поддержать

Тоқаевтың баспасөз хатшысы Ресей туралы пікір білдірді

ҚР президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай семлекет басшысының Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі бүгінгі Кеңесіне түсініктеме берді.

– Әңгіме, бірінші кезекте, геосаяси тұрақсыздық жағдайында қазақстандық көмірсутектерді халықаралық нарықтарға жеткізу бағыттарын әртараптандыру туралы болып отыр, – деді Руслан Желдібай.

Руслан Желдібайдың пікірінше, бүгін қабылданған шешімдерде ешқандай саяси астар жоқ.

– Шынында да, қабылданған шешімдерде саяси себептер жоқ. Ресей біздің стратегиялық серіктесіміз және одақтасымыз болды және солай болып қала береді. Оның мүдделеріне зиян келтіретін кез келген әрекетке жол берілмейді. Қазақстанға қатысты да мұндай әрекеттер жасалмайды деп үміттенеміз, – деді ол.

Фото: Primeminister.kz




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *