Тоқаев 3 сынып оқушысының өзі жасаған жұмыс үстелі органайзерін жоғары бағалады
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары барысында Prometheus school мектебіне барып, білім ордасының оқу кабинеттері, жаратылыстану зертханалары, мектепте сабақ оқытудың Daryn Go, Booky-Wooky авторлық әдістемелері, сондай-ақ оқу орнының жалпы инфрақұрылымымен танысты, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Үшінші сынып оқушысы Сәлім Көпеев Президентпен кездесуге кешігіп қалғанын айтып, өзі жасаған жұмыс үстелі органайзерін президентке сыйлады.
Айта кетейік, жұмыс үстелі органайзері 3D форматта жасалған. Тоқаев Сәлімнің еңбегін жоғары бағалап, әкесіне сәлем жолдады.
Фото: скриншот
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.