Тоқаев Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысын қызметінен босатты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы Болат Жорабаевты қызметінен босатты, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
– Мемлекет басшысының өкімімен Болат Жарқымбайұлы Жорабаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды, – деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, Болат Жорабаев 2022 жылы Тоқаевтың өкімімен Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалған еді.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.