Тоқаев Ішкі істер министрінің орынбасарын қызметінен босатты
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қайрат Сүнтаев Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
– Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Иматұлы Сүнтаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, – деп жазылған ресми хабарламада.
Айта кетейік, 2020 жылы Қайрат Сүнтаев ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалған еді.
Фото: kyzmet.gov.kz
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.