Тоқаев Путиннің шақыруымен Санкт-Петербургке барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен Санкт-Петербург қаласына барды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі
Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Тоқаев Ресейге Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін барды.
– Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің басшылары интеграциялық процестерді одан әрі дамытудың басты міндеттері мен негізгі бағыттарын талқылауды жоспарлап отыр, – деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуіне де қатысады.
Фото: aqorda
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.