Тоқаев СҚО әкіміне халықтың өзекті мәселелерін шешуді тапсырды
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовті қабылдап, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есепті тыңдады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыс әкімі өңірдің шаруалары қиындықтарға қарамастан 3,7 миллион тонна астық жинағаны жөнінде баяндады. Облыста 13 сүт фермасының құрылысы жүріп жатқаны, оның алтауы жыл соңына дейін іске қосылатыны жайында мәлімет берді.
Әкім дерегінше, аграрлық секторда сомасы 80 миллиард теңге болатын 27 жобаны іске асыру жоспарланған. Соның нәтижесінде 1000 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Бұл өңір халқының құс етіне, сүт өнімдеріне, көкөністерге деген қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қасым-Жомарт Тоқаев облысты одан әрі дамыту және халықтың өзекті мәселелерін шешу жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.