Тоқаев жаңа министрге орман өртіне қатысты тапсырма жүктеді
Мемлекет басшысы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевты қабылдап, жаңа министрге бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа экологиялық заңнаманы жүзеге асыруға және табиғи ресурстарды сақтауға қатысты бірқатар тапсырма берді.
Сондай-ақ министрлікке қарасты ведомстволық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсарту және ұлттық парктердегі орман өртінің ошақтарын ерте анықтау жүйелерін тезірек енгізу, сондай-ақ орман шаруашылығы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөнінде жүйелі шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.
Фото: primeminister.kz
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.