Ту өртеніп жатқанда қарап тұра алмайды екенсің – Мұхаммед
Түркістан облысында өрт шыққан ғимарат төбесінен көк туды алып шыққан Қансейіт Мұхаммед «1001 түн» бағдарламасында қонақта болды.
Түркістан облысында мемлекеттік мекеме қызметкері өртеніп жатқан ғимараттың төбесіндегі туды құтқарып қалды.
– Өрт шығып жатқанда қауіп-қатер төнді. Ойланатын уақыт болмады. Ту өртеніп жатқанда қарап тұра алмайды екенсің. 1 минутта ойланбайсың. Мақсат көк туды аман алып қалу болды. Құдайға шүкір, ешқандай жарақат алған жоқпын. Мекемедегі құжаттарды үлгергенімізше шығарып алдық, – деді Қансейіт Мұхамед.
Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, видеодағы кейіпкер жұмыспен қамту орталығының қызметкері. Оқиға 17 шілде күні Сайрам ауданы Ақсукент ауылында болған.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет