Украина Ішкі істер министрі тікұшақ апатынан қаза тапты
Бүгін, 18 қаңтар күні Киев маңында тікұшақ апатқа ұшырады. Апат салдарынан 18 адам қаза тауып, 29 адам зардап шекті, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Қаза тапқандардың қатарында Украина Ішкі істер министрі Денис Монастырский мен оның бірінші орынбасары Евгений Енин және мемлекеттік хатшы Юрий Лубкович бар.
Тікұшақ балабақша мен тұрғын үйдің жанында құлаған. Барлық тұрғындар мен балалар эвакуацияланды. Апаттың нақты себебі анықталып жатыр.
Айта кетейік, Денис Монастырский 2021 жылдың шілде айының ортасынан бастап Украина ІІМ басшысы қызметін атқарды. Евгений Енин тамыз айының соңында ІІМ орынбасары болып тағайындалған еді.
Фото: ашық дереккөз

Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.