Украина жеріндегі Ресей әскері кері шегінді
Ресей Херсондағы әскерін Днепрдің оң жағалауына шегіндірді.
Ресей әскерінің Херсон облысындағы командирі генерал Сергей Суровикин Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгудан әскерді Днепрдің оң жағына алып кетуді сұрады. Министр Шойгу бұл ұсыныспен келіскен.
Суровикин баяндамасында қазіргі жағдайды жан-жақты бағалап, Днепр өзенінің сол жағалауында соғысу өте қиынға түсетінін айтқан.
– Біз үшін ресейлік әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығы әрқашан бірінші орында. Бейбіт тұрғындар үшін қауіпті де ескеруіміз керек. Бейбіт тұрғындардың барлығы елді-мекеннен шығып кеткеніне назар аударыңыздар. Әскерлерді шығарып, жеке құрамның, қару — жарақтың Днепр өзенінен өту үшін шара қабылдаңыздар, – деп бұйырды Шойгу.
Алайда, Украина басшылығы Ресей армиясының кері шегінгеніне сенбейді.
– Украина Ресейдің Херсоннан ұрыссыз кететініне сенбейді. Қалада ресейлік әскери топ сақталған, аймаққа қосымша резервтер тартылып жатыр, – деп жазды Украина президентінің кеңесшісі Михаил Подоляк Twitter-де.
Фото: Риа

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.