WBC қаржы пирамидасының жетекшілері бас бостандығынан айырылды
Алматыда «World Business Consulting» қаржылық пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды.
ҚМА мәліметінше, ұйымдастырушылары азаматтарға еншілес компаниялардың инвестициялық жобаларына қаражат салуды ұсынды. Бұл компаниялар сыйақыны алуға кепілдік берді.
– 2018-2021 жж. WBC қаржылық пирамидасына жалпы сомасы 5,8 млрд теңге тартылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жалпы сомасы 4,1 млрд теңгенің мүлкі тәркіленді. Сот үкімімен қаржы пирамидасының жетекшілері кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6,8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, – делінген хабарламада.
Пирамидалық схемасының тағы бес ұйымдастырушысы халықаралық іздеуге жарияланған. Сондай-ақ, ҚМА азаматтарды жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырды.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет