Ya Metrika Fast
ҚҰРЫЛТАЙ
Партия «Адилет» (Әділет)


Реестр деклараций

Қырғызстан өз аумағында ТикТок желісін бұғаттау туралы шешім қабылдады

Контекст дня — 31 августа 2023 15:10
0
Изображение 1 для Қырғызстан өз аумағында ТикТок желісін бұғаттау туралы шешім қабылдады

Қырғызстанның Мәдениет министрлігі республика аумағында Tik Tok қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Ведомство бірқатар үкіметтік емес ұйымдардан TikTok әлеуметтік желісінің балалардың психикалық дамуы мен денсаулығына кері әсері туралы көптеген өтініштер келіп түскенін атап өтті.

– TikTok пайдаланушыны қысқа клиптердің виртуалды әлеміне баурайды, оларды көрген жасөспірімдер қайталауға тырысады. Сол арқылы олардың өміріне қауіп төнеді. Сонымен қатар, балалар психикасы әлі де тұрақсыз, қалыптасу санатында болғандықтан мұндай бейнежазбалар тәуелділікті тудырады. Жас ұрпақтың эмоционалды жағдайына теріс әсер етеді, – деп жазылған хабарламада.


Өтініштерді ескере отырып Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі Қырғыз Республикасының аумағында TikTok қызметін тарату қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады.

Фото: AndroidList


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.