English version

Зейнетақы қорынан не үшін 1,5 триллион теңге алынады? – Смайылов жауабы

Контекст дня — 23 ноября 2023 16:50
0 -1

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов ірі өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға БЖЗҚ-дан қаражат бөлу мүмкіндігі туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

БЖЗҚ-ның негізгі міндеті – қазақстандықтардың зейнетақы активтерінің сақталуын және арттыра түсуін қамтамасыз ету.

– Салымшылардың активтерін кіріс әкелетін қандай да бір құралдарға қаражат салу арқылы көбейтуге болады. Бұл ретте процесті нарықтық мөлшерлемелер бойынша және қайтарымды негізде орындауға мүмкіндік бар. Қазіргі уақытта Үкімет қаржыландыруды қажет ететін индустрияландыру, көлік, инфрақұрылым салаларындағы ірі жобаларды қарастыруда. Біз әртүрлі көздерді, соның ішінде БЖЗҚ қаражатын да қарастырып отырмыз, – деді Смайылов.

Смайыловтың айтуынша, бұл мәселе бұрын Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияда талқыланып, қолдау тапқан.

– Қазіргі уақытта біз Ұлттық банкпен бірлесіп, қаражат тарту шарттары бойынша мәселелерді пысықтап жатырмыз. Үкіметтің борыштық міндеттемелерін орындау аясында қаржы қайтарылатын болады, – деді ол.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.