Зеленский Ресейдің әрекетіне байланысты талап қойды
Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен келіссөз жүргізу үшін шарт қойды.
Бұл туралы Зеленский Львовтағы Ердоғанмен және БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерришпен кездесуде мәлімдеді.
– Бейбіт келіссөздерді бастау үшін Ресей алдымен басып алған жерлерді босатуы керек, – деді Зеленский.
Айта кетейік, кеше Ердоған Зеленскийдің шақыруымен Украинаға келді. Кездесу Львовтағы Потоцкий сарайында өтті. Кездесуде Украина-Ресей қақтығысын дипломатиялық жолмен тоқтату үшін мүмкін қадамдар талқыланды.
Фото: Риа
Комментариев пока нет