Жамбыл облысында үй өртеніп, екі бала қаза тапты - Exclusive
Поддержать

Жамбыл облысында үй өртеніп, екі бала қаза тапты

Жамбыл облысы, Шу қаласында желтоқсанның 2-нен 3-іне қараған түні қайғылы оқиға орын алды. Жеке үйлердің бірінде өрт шығып, екі бала үй ішінде жанып кетті.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментіні тұрмыстық заттар мен жиһаздар жанып кеткенін және өрттің 30 шаршы метр аумақты шарпығанын хабарлады.

– Өрт 00:10-да оқшауланып, 00:35-те «ӨСҚАО» ММ-нің күшімен (төрт қызметкер мен бір техника) ауыздықталды. Бірінші бөлімшенің келу уақыты 23:58 (қашықтық үш шақырым), – деп жазылған хабарламада.

Өрт ауыздықталғаннан кейін үйден бес және екі жасар балалардың күйген екі денесі табылды.

Айта кетейік, полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Фото: ашық дереккөз

https://t.me/kzexclusive
https://t.me/kzexclusivehttps://t.me/kzexclusive




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.