Жезқазғанда 13 мың метр су құбырын ұрлағандар ұсталды
Жезқазған қаласында орналасқан 13 мың метр су құбыры ұрланды. Мемлекеттік мекеменің бұрынғы басшысы бір топ адамдармен алдын ала сөз байласып, жалпы сомасы 288 млн теңгеден астам мемлекет мүлкін ұрлаған, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
ҚМА мәліметінше, Ұрлық фактісін анықтау кезінде лауазымды тұлға аталған нысанның мемлекеттік органның балансында жоқтығы туралы жалған анықтамалар беріп, тергеуді қасақана жаңылыстырған.
– Бұл құбыр Жезқазған қаласының әуежайы маңында орналасқан саяжай учаскелерін сумен қамтамасыз етуге арналған. Айта кетейік, қазіргі уақытта аталған азамат коммуналдық кәсіпорынның қызметкері емес, – деп жазылған хабарламада
Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жолданды. ҚР ҚПК 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.