Жоғары оқу орындары студенттерді жатақханалармен қамтамасыз етуге міндеттеледі
Еліміздегі жоғары оқу орындары студенттерді жатақханалармен қамтамасыз етуге міндеттеледі. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
– Биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап біз өзгертулер енгіздік. Енді университеттерге жаңадан қабылданған студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуді 100 пайыз, ал жалпы 70 пайыз қажеттілікті өтеу үшін қатаң талаптар қойылады. Бұл заң талабы болмақ. Енді бұл міндетті талап лицензия беру кезінде ескерілетін болады. Университеттер бұл міндетті шартты орындамай өз қызметін жүзеге асыра алмайды, – деді ол.
Сондай-ақ Ғылым және жоғары білім министрі мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Педагогикалық жоғары оқу орындарын аккредиттеу стандарты мен 2029 жылға дейінгі жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасы бекітілгенін атап өтті.
Министр баяндамасына сәйкес, педагогикалық бағыттар бойынша гранттар саны соңғы жылдары бірнеше есе өсіп, 15 923 бірлікке жеткен. Сонымен қатар мұғалімдік мамандықтарға қабылдау талаптары күшейтілді.
Фото: Ukimet
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.