Қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрімнің әкесі аштық жариялады - Exclusive
Поддержать

Қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрімнің әкесі аштық жариялады

Қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрімнің әкесі аштық жариялады, деп хабарлайды Exclusive.kz Азаттыққа сілтеме жасап.

Думан Мұхаммедкәрімнің әеесі ұлын босатуды талап еткен еді. Талабы орындалмаған жағдайда, аштық жариялайтынын айтқан.

Алмаз Тілепов ұлын босатқанша прокуратура алдында аш отыратынын мәлімдеді.

– Баламның өзі түрмеде аштық жариялап отыр. Бірақ мені аяп, үйге қайт дейді. Бірақ мен ұлымды көшеден бас-көз жоқ, заңсыз ұстап әкеткен құқық қорғау органдарының қызметкерлері кешірім сұрағанша тоқтамаймын, — дейді Алмаз Тілепов.

Айта кетейік, 29 мамыр күні полиция журналист Думан Мұхаммедкәрімді қайта ұстаған еді. Журналист бұған дейін екі рет 25 күнге қамалып шыққан.

Фото: azattyq




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.