Қырғыз халқы тудың өзгеруіне наразылық білдірді - Exclusive
Поддержать

Қырғыз халқы тудың өзгеруіне наразылық білдірді

Бүгін Бішкектегі М. Горький атындағы саябақта елдің туының өзгеру туралы ұсынысқа наразы жұрт шеруге шықты, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Наразылық акциясына қатысушылар Қырғыз Республикасының әнұранын шырқады. Жергілікті басылымның хабарлауынша, алаңда 100-ге жуық адам болған, кейін адамдардың саны көбейген. Сондай-ақ, акцияны ұйымдастырушылардың бірі Афтандил Жоробековтың ұсталғаны белгілі болды.

Қырғыз Республикасы Парламентінің спикері Нұрланбек Шакиев пен депутат Ұлан Примов елдің туын өзгерту туралы ұсыныс айтқан еді.

Шенеуніктер бұл бастаманы белсенді түрде қолдай бастады, ал халықтың наразылығы керісінше күшейе түсті. Жогорку Кенештің бейіндік комитеті туды өзгерту туралы заңнамалық бастаманы бірауыздан қолдады.

Фото: kaktus.media




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *