«Ұлы» орыс жазушылары орыс халқын қалайша ыдыратып тынды - Exclusive
Поддержать

«Ұлы» орыс жазушылары орыс халқын қалайша ыдыратып тынды

Ресейлік Михаил Ежов орыс мәдениеті отандастарына басты танымдық бағдарларды, яғни эмпатияны, жанашырлықты, өзіндік талдау сезімдерін бере алмады, сөйтіп орыс фашизмінің бастаушысына айналды деп санайды.

Пушкин мен Достоевский ұлы императорлар

«Ештеңе. Орыс мәдениеті әлемге ештеңе берген жоқ… Өзінің барлық әңгіме, поэма, роман, фильмдерінде орыс мәдениеті белгілі бір нәсілдің, атап айтқанда «орыстардың» басқалардан артықшылығын дәріптеп, осы тұрғыда тәрбиелеген болатын-ды. Қазір дүние жүзіндегі барлық адамдар өз еліндерінде ызалы фашизмді тудырған орыс мәдениеті екенін түсіне бастады. Сондықтан, осындай жырақта жатқан мәдениетің жаһандық мәдениеттен жойылып жатқанына таң қалмаңыз…», — деп жазған болатын өзінің әйгілі «Мен орыспын» жазбасында.

– «Мен Ресейден 2015 жылы кетіп қалдым»,- дейді Exclisive.kz сайтына берген сұхбатында ол. – Ол кезде маған елдің болашағы, бағыт-бағдары белгілі болатын, оның үстіне YouTube-те жариялаған музыкалық-сатиралық роликтеріме байланысты проблемалар туындай бастаған болатын.

«2013 жылы «Америка Құрама Штаттары» атты ролик орыс тілді интернетті (рунет) дүр сілкіндірді. Қайырмасы «Біздің жолдар ойлы-қырлы келеді, ашуланбай жүре алмасың белгілі, біздің жолды бомбалаған кім болды  –делінетін «Америка Құрама Штаттары» әнін миллионнан астам адам тыңдады. 2015 жылдың ақпан айында Ежоff Band тобының жетекшісі, бейне дизайнер Михаил Ежовқа анонимді қоқан-лоққылар түсе бастайды. Саяси қарсыластары оның кәмелетке толмаған қызын өлтіреміз деп қоқан-лоқы көрсеткен («Новая газета», 2015 жылғы 20 қараша).

Орыс мәдениетін өткір сынға алған «Мен орыспын» деген маңызды жазбаңызды жерлестеріңіз қалай қабылдады?

– Әрқилы қабылдады. Соғысты қолдаған Z патриоттар, әрине, маған қатысты сан алуан дөрекі сөздерді қарша боратты, бірақ менің мұндай әрекеттерге бойым үйреніп қалған, Ресейде мен бұрыннан бері ұлт сатқыны мәртебесінде тұрмын. Осындай патриоттардың реакциясына байланысты аталған жазба үш күннен кейін жойылып тынды, алайда адамдардың көшірмелері мен скриншоттарын жасап алуға мүмкіндіктері болғаны белгілі.

– Украина қазір орыс әдебиетінен бас тартып, қала көшелеріндегі орыс мәдениеті қайраткерлерінің ескерткіштерін бұзып жатыр. Алайда көптеген орыстар мен өзге де ұлт өкілдері  ұлы Пушкиннің бұған қандай қатысы бар? деген өздерінің наразылықтарын білдіруде.

– Ондай адамдармен әңгімелескен уақытта: «Тыңдаңызшы, Украинада Пушкинді немесе Достоевскийді оқи ма, керісінше оқымай ма, саған оның қатысы қандай? деген сұрақты  үнемі қоямын. Украина жеке мемлекет, ненің қажет екенін өзі анықтайды. Бірақ, Ресейдің империялық амбициялары оларға қатты әсер ететіні белгілі. «Қалайша?! Біз ұлы империямыз, сәйкесінше бізде де ұлы мәдениет пен әдебиет бар». Алайда, мәселен Буркина-Фасода Пушкиннің шығармаларына тыйым салынса немесе оның ескерткіші бұзылып жатса, мұны ресейліктердің ешқайсысы байқамас еді. Олардың басты назары Украинада, өйткені олар оны өз империясының бір бөлігі деп есептейді. ТМД елдерін де өзінің бір бөлігі санайды. Бұл Ресей империясының немесе КСРО-ның бір бөлігі бола ма, маңызды емес, бірақ әр империяда тереңірек отырғанды қалайды: «Мұның бәрі менікі» дегенге жаны құмар келеді.

– Сіз өзіңіздің атышулы жазбаңызда орыс мәдениеті тұлғаны тәрбиелеудегі өзінің дәрменсіздігі мен уыттылығын өте анық көрсетті деп жазған болатынсыз.

– Егер мұндай қадамдар қалыпты адамда болуы тиіс эмпатия, жанашырлық, бір нәрсені дұрыс жасамау, өзіндік талдаудың қажеттілгі сияқты моральдық бағдарларды бере алмаса, оны басқаша қалай қабылдауға болады. Мәдениеттің, әдебиеттің күші мектептен бастау алуы керек, тек бойыңа дарып қана қоймай адамдарды қабылдауға көндіре білуі де тиіс. Алайда, мұндай үрдістер орыс халқында, тіпті Ресейдің өзінде де іске аспай отырғаны шындық, бұл қолға алынған әрекеттер өз функциясын орындай алмайды дегенді білдірсе керек, адамдардың бойында маңызды нәрселердің жетіспейтіні соншалықты, кез-келген мұғалімнің балалардың бойына қажетті бағдарларды беруге келгенде қауқары жоқ.  Менің ойымша бұл жанашырлық және мұндай жанашырлықтың  болмауына байланысты өзге де бағдарлардың жүзеге аспайтыны белгілі. Демек, бұл мәдениеттің жеткіліксіз жұмыс істеуінің салдары, бүкіл әлемде іске асырылатын, ұлттың адамгершілік бағдарларына жете алмауының салдары. Ұлдарды өлімге жетелейтін  офицерлер де, маршалдар мен генералдар да бір кездері бала болған, кезінде оларды да әлдекімдер түрлі әрекеттерге баулыған.

Жоғалған ұлылық

– «Ұлы» сөзі баршамыз тәрбиеленіп шыққан, әдебиеттің эпитеті ретінде қаншалықты орынды қолданылып жүр?

– «Ұлы орыс әдебиеті» де өзге әдебиеттер сияқты әрекет етеді. Оны ұлылар қатарына қосатын қарапайым орыс деген ұғым ғана, демек, «біздің империяға» тиесілі деген ұғымға негізделген, осылай ойлайтындар оны керемет етеді. Менің орыс әдебиетіне, орыстың жұмбақ рухы туралы үнемі дүбірлетіп айтып жүретін пікірлерге қатысты үлкен наразылығым бар.  Бұл әлем халықтары алдында орыстарға белгілі бір артықшылық беріп, адамды шабыттандыратын әңгіменің арқауы саналады. Иә, біздің өміріміз мәз емес, иә, біз бәсекелес емеспіз, иә, біздің өнеркәсіп кері кетіп барады, бірақ біздің бойымызда «орыстың жұмбақ жаны» мен «ұлы орыс мәдениеті» бар. Алайда мен Еуропаның түрлі елдерінде тұрып, өзге ұлттармен аралас-құралас болған сәттерде, орыстың жан дүниесінен жұмбақ нәрсені көре алмадым. Барлық жерде де адамдар бірдей, басқалардан жақсы да, жаман да емес, өз қасиеттері мен түрлі көзқарастары бар. Достоевскийдің «Жазушы күнделігіндегі» бір ғана сөз тіркесі орыстың жұмбақ жанын ерекше атап өтеді: «Олар орыстарды құдайшыл халық дейді. Рас, олар діндар адамдар. Олар сені балтамен кеспес бұрын, міндетті түрде шоқынып алады. Бұл мен үшін мәдени шок ретінде қабылданды!

Осындай «ұлы жазушылардың» барлығы адамдарға орыстың жұмбақ жаны туралы әңгімені дарытпағанда, бәлкім еліміз басқаша өмір сүрер ме еді. Мұндай «жұмбақтық» кез келген сәтсіздіктен, пайдасыздықтан, кедейшілік өмірден арылуға сылтау болды. Сондай-ақ, орыс тілінің қаншалықты бай және күрделі тілдер тобына жататыны туралы көптеген дәлел-пікірлер де жетіп жығылады. Әсіресе, ана тілінде сөйлейтіндер «сағыныш» сөзін жақсы көреді. Мұндай сөз өзге тілдерде жоқ дейді. Ағылшын тілін немесе өзге де тілдерді білмейтін адамдардың немен мақтанатынын көз алдыңызға елестете аласыз ба?! Олар казармада тұрады, сырттағы дәретханаға барады, өйткені олардың бойында «орыстың жұмбақ жаны» бар, ал ағылшын тілінде «сағыныш» деген сөз жоқ.

– «Русофобия» термині қайдан шыққан деп ойлайсыз?

– Мен мұны халықты жігерлендіру үшін жасанды түрде жасалған ресейлік үгіт-насихат жұмысының үлгісі деп санаймын. «Олар орыстың бәрін жек көреді» деген ұғымды бойға дарыту мақсатында жасалып отырған әрекеттер. Шындығында, руссофобия жоқ. Мәселен, мен отанымда болып жатқан оқиғаларды айтатын болсам, мен де русофоб болғаным ба? Өзге ұлт өкіліне: «Өзіңнің Өзбекстаныңа кет (Израиль, Қырғызстан және т. б.) дейтін орысты қалай атауға болады? Өзбекфоб немесе еврейфоб деп атаймыз ба?

Фобия – бұл қорқыныш, қазір соғыс жүріп жатқанын естен шығармаңыз. Бейбіт заманда халықтар арасында шектен шығушылыққа жол берілсе, бұл мәселенің бір қыры, қазір мұндай шектен шығушылық адамдардың жүйкесін жаулап алғаны соншалық, соғысқа тікелей қатыспаса да, оның шын мәнінде қандай адам екенін бірден көрсетеді. Сондықтан мен Руссофобия туралы осындай ойларға таңғаламын. Бір досымның «Руссофобия жөнінен Польша бірінші орында тұр» деген тақырыппен мақала жолдағаны есімде. Бірақ шетелдегі адамдар да түрліше келеді. Империядан кетіп қалуға болады, бірақ «Путин жарап тұр, ол хохолдарға шаянның қыстайтын жерін көрсетті» деген пікірлер енді айтыла бастағандай. Еуропада  мұндай пікірді ұстанатындар өте көп, мен оларды барлық жерде кездестіремін. Өздері тұрып жатқан елді зымыранмен атқылаған кезде, ондай адамдарға қалай қарайтынымды білсеңіз ғой. Қазір олардың салыстырмалы түрде алғанда қауіпсіз және қалыпты жағдайда өмір сүріп жатқаны белгілі, сөйтіп олар жалыға бастады,  қайтадан империяның бір бөлігі болуды, халықтарды біріктіруді, оларды басқаруды қалайды. Олардың бойында жоғалған ұлылықтың қандай да бір синдромы әлі күнге дейін қалып отыр. Айтпақшы, олар империяның болашағы жоқ екенін түсінеді, өйткені олардың кері көшпейтіні белгілі. Мәселен, мен Путиндік Ресейді ұнатпадым, шабадан, сапаржай, Еуропа бағытын таңдадым. Мен олардан айналаң орыс болсын десең, шабадан, сапаржай, Ресей бағытын неге таңдамасқа деп сұраған кезде, олар әңгіме төркінін өзінің отанымен мақтанғылары келетініне бұра бастайды. Бірақ басты парадокс мынада: олар мұны біреуге шабуыл жасаған кезде ғана жасай алады.

Қайтып келмейтін нүкте

– Біздер, яғни қазақтар үшін соңғы уақытта ресейлік қандастарымыздың жан дүниесі жұмбақ күйінде қалып отыр, олардың басым көпшілігі әскерге жұмылдырудан қашқақтауға ұмтылмай отыр. 

– Мен мынаны айтқым келеді: Ресей аумағында тұратын әрбір адам сол елдің өмір сүру шарттарын қабылдайды. Ал Ресей империялық мемлекет және онда болып жатқан оқиғалардың барлығы империяның азабы. Бірақ қазір біз орыс, қазақ және кез келген өзге де жұмбақ жандар жайлы емес, шағын халықтардың өмір сүру жағдайлары және оларға деген көзқарас туралы айтып отырмыз. Қазақтар өз отандастарына менсінбей қарады десе, бұл империялық синдромның белгісі. Неліктен империя шағын халықтарды сүліктей сорып жатыр? Өйткені, бұл осындай тәрбие жүйесі. Римдіктер жаулап алған халықтардың балаларын Римге алып кететін болған, бірнеше жылдан кейін олар өз отандарына мүлдем басқа, бейтаныс, жат адамдар болып оралғанын жақсы білеміз.

Шындығында, егер адам ұзақ уақыт бойы қорлық жағдайын басынан кешіретін болса, ал Ресейдің шағын халықтары мұны үнемі бастан кешіріп келеді, онда олар өздерін үлкен отбасындағы кішкентай әлсіз бала сияқты сезінетін болады. Мұндай әлсіз бала да өзге адамдар сияқты мықты болғысы келеді,  шағын халықтар да осындай әрекеттер жасайды, сондықтан олар «мен жақсымын» деп дәлелдеуге тырысады. ал «жақсы» болу үшін «орыс» болу керек. Бұл олардың мақсаты және өзіндік «менінің» психологиялық қорғанысының бір түрі. Белгілі бір деңгейге жеткен соң: «Е, болды, енді мен де олармен бірдеймін» деп іштей сөйлейтін көрінеді. Бәлкім, психологтар мұны жақсырақ түсіндіріп беретін шығар, мен дәл осындай үрдістерді ғана көріп отырмын.

– Бұған қарсы тұрудың жолы бар ма?

– Қазіргі жағдайда – жоқ. Оған ешқандай тетік жоқ. Түрлі ұлт өкілдерінің арасында болған қадір-қасиет қазір жойылып тынған. Ресейдің осынау шағын халықтарының бойын үрей мен қорқыныш билеген. Тәуелді, езіліп-жаншылған олар тіпті, ана тілін үйрену құқығына да әрең жетіп отыр. Ал Мәскеу өзінің империялық амбицияларынан бас тартуға дайын болмаса да, оларға қысым көрсетуін жалғастыра бермек ниетте.

– Бұған кім кінәлі? Тек Путин ғана ма? Немесе өздері қалаған немесе лайықты билеушіге қол жеткіздік деп ойлайтын Ресей халқының өзі кінәлі ме?

–Сұрағыңыздың түп-төркінін түсініп отырмын. Кім кімге тәуелді, халық Путинге ме әлде Путин халыққа тәуелді ме? дейсіз ғой. Бұл тауық пен жұмыртқа дилеммасын еске түсіреді: Әуелі не болды? Мен сізге мынаны айтайын: Путин өзінің қалағанын емес, халықтың қалағанын жасап отыр. 2015 жылы Ресейден қоныс аударған кезде әуелі Чехияға бардым. Мен әңгімелесуден өтіп жатқан кезде консул (мен онымен жеке сөйлестім) «Путин өлсе не болады деп ойлайсыз?» деп сұрады. Мен орнына дәл сондай адамды қояды деп жауап берген болатынмын.

Ал империялық амбициясы күшейе түскен мұндай халық КСРО ыдырағаннан кейін қарқын ала бастады. Айтпақшы, бұл туралы он жылдықтың басында орыс жазушысы Александр Проханов айтқан болатын. Оның пікірінше, КСРО ыдыраған кезде орыс халқы өзінің миссиясы – халықтарды байланыстырушы күшінен айырылған.

Империялық түсінік бойынша елді мақтан тұту — бұл жаңа жерлерді жаулап алу деген сөз. Империяның онсыз өмір сүруі мүмкін емес, үнемі жаулар алу соғыстарына қатысып, өз шекараларын кеңейтуді жөн санайды, біз тартып алдық деп кеуделерін қағады. Бірақ бұл жай ғана мақтаншылық. Грузиямен болған соғысты, яғни 2008 жылды еске түсірсек, халық бұған Қырымға қарағанда өзгеше қырынан қарады. Ал жаулап алған сәтте, бұл патриотизмнің жабайы құбылысын тудырды. Барлығы еш кедергісіз болып өтті дейді.  Міне, біздің жеңіс армиясы осындай! Әрине, үгіт-насихаттың да болғанын жоққа шығармаймыз. Мен кәсіби білім беру маркетологы ретінде бір қарапайым формуламен таныспын – сұраныс ұсынысты тудырады. Зерттеу жүргізіп, халықтың не қалайтынын түсіндім. Олар жаңа жерлерді, жаңа жаулап алуларды қалайды және Путин мұндай жағдайды тудыра бастады. Қырымды алдық, енді Донбассты, содан кейін Киевті аламыз. Мұндай құбылыс жағымсыз көрінгенімен, мен осындай империялық ұмтылыстарға берілген Z-орыстармен қарым-қатынас жасап отырамын. Қазір Украина, одан әрі Польшаға барамыз, содан кейін барлық Балтық елдерін, Молдованы, Қазақстанды аламыз… Мұның бәрі біздікі! Оларға жағдайды түсіндіру бекершілік, бірақ мен  кім кінәлі — тауық па әлде жұмыртқа ма? Деген сұраққа қайта оралатын болсам, екеуі де жақсы дер едім. Қазір мен Ресейдегі өзгерістерге мүлде сенбеймін, өйткені халық билік құрсауынан шыға алмай отыр. Егер Путиннің орнына басқа біреу келсе, оған Путин дұрыс күреспеді, сіз мұны дұрыс жасауыңыз керек дейтін болар.

Өмірден озар алдында Ресейде не болып жатқанын бүге-шігесіне дейін баяндап берген Немцов билікке келгенде не болар еді?

– Қырымнан кейін билікке кімнің келетіні маңызды емес еді. Немцов, тіпті Навальный… Қырым қайтып келмейтін жерге айналғаны қанша, қар кесегі домалап кетті, оны тоқтату мүмкін емес еді. Ресейді өзгертетін адам билікке келуі керек болса, мұндай қадамды ертерек жасауы тиіс еді. Бірақ екінші жағынан, халық бұған дейін Путинді жақтап келгені белгілі.  Бұлыңғыр, нөлдік жылдар адамдарды еркіне жіберіп тынды. Мұнай бағасы көтеріліп, өмір сүру деңгейлері жақсара бастады, адамдар өздеріне және жеке өмірлеріне көңіл бөле бастады. Көлік сатып алуға, жаңа пәтерге тұсқағаз жапсыруға және т.б. баса назар аудара бастады, ал оянған кезде бәрі де  кеш болды.

Мерей Сугирбаева




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.