«Әзербайжан халқы мұны ешқашан ұмытпайды»: Әлиев қазақ халқына алғыс айтты - Exclusive
Поддержать

«Әзербайжан халқы мұны ешқашан ұмытпайды»: Әлиев қазақ халқына алғыс айтты

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапары аясында Физули қаласына барып, Құрманғазы атындағы Балалар шығармашылығы орталығының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Бұл – Қазақстан халқының тартуы. Менің жеке тапсырмам бойынша аталған сыйлықты жекеменшік BI Group компаниясы бүкіл халықтың атынан шын жүректен ұсынып отыр. Орталық елдеріміз арасындағы жан-жақты байланыстарды нығайтуға қызмет етеді деп ойлаймын. Сіздерге табыс пен бақ-береке тілеймін. Әзербайжанның осы қасиетті өлкесі қарыштап дами беретініне сенімдімін, – деді Қазақстан Тоқаев Физули жұртшылығымен әңгімелесу кезінде.

Ашылу салтанатынан кейін Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа және барша Қазақстан халқына алғыс айтты.

– Бауыр ретінде осындай керемет сый жасағаныңыз үшін Сізге алғыс айтқым келеді. Азат етілген жерлерде Балалар шығармашылығы орталығын салу Сіздің бастамаңыз еді. Осыдан бір жарым жыл бұрын Әзербайжанға келген кезіңізде, аталған орталықтың жобасы таныстырылған болатын. Ол бір жыл ішінде салынды және бүгін ресми түрде ашылып отыр. Орталық қазақ халқының ұлы перзенті Құрманғазының есімімен аталды. Кеше айтқанымыздай, бұл тек балалардың шығармашылығын шыңдап қана қоймай, Қазақстан мен Әзербайжанның достығы мен бауырластығын айшықтайтын орталық болады. Біз бұл тартуға шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз. Әзербайжан халқы мұны ешқашан ұмытпайды, – деді Ильхам Әлиев.

Фото: aqorda




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.