Ақорданың діттеген мақсаты – қомақты ақша қаражатының үлкен саясатпен түйісуіне жол бермеу - Exclusive
Поддержать

Ақорданың діттеген мақсаты – қомақты ақша қаражатының үлкен саясатпен түйісуіне жол бермеу

Қазір көпшілік қауым «ескі гвардияның» кек алуы туралы жиі айтып жүр. Бұған дәлел ретінде тікелей және жанама себептер келтірілуде, ал қоғамда қалыптасқан атмосфераның өзі қаңтар оқиғасының алдағы күзде қайталануы әбден мүмкін деген пікірге келіп саяды. Бұл ретте бірталай қарсы дәлелдемелер, сондай-ақ Ақорданың алдын алу іс-әрекеттері тәрізді түрлі шаралар кешені қолға алынып жатыр. Ал Ақорда болса алдағы жартыжылдық ішіндегі мұндай жағдайдың сценарийін жақсы сезінетіндей көрінеді. Алайда мұндай оқиғаларға баға беріп, қысқа мерзімді болжам жасамас бұрын, өткен жұма күні Нұр-Сұлтанда орын алған және азаматтарымыз сыни тұрғыдан қабылдаған сән-салтанатты шараға назар аударғанды жөн көрдік.

Мешітке тек қарт адамдар ғана бас сұқты

Шынымен, 12 тамыз, яғни жұма күні «ең үлкен мешіттің» ашылуы үлкен сатираның бір бөлшегі ретінде қабылданды. Тұрғындар мешітке жиналған жамағаттың «ескі Қазақстан» өкілдері болып табылатынын әділ атап өткен-ді. Ескі сананың сарқыншағын (өздеріне  танымал адамдардың ішінде) бірден аңғарып, көріп танып жатты.  Ал,  қазіргі президенттен бастап  «реформалар пойызына» ілесіп үлгергендер немесе «жаңа Қазақстанның» алдыңғы қатарынан орын алған тұлғаларға дейін аталған іс-шарада бой көрсетпеді.  Алайда, мұндай оқиғаны өзге қырынан қарау керек сияқты. Ешкім мұндай оқиғаны діни құрамдастықтың бөлігі ретінде тіпті ойлаған да жоқ, Тәңірдің өзі  кешірсін, белгілі себептерге байланысты біз мұндай оқиғаны руханият тұрғысынан қарастырмақ ниетте емеспіз. Қысқасы бұл оқиға барлық жағынан алғанда көрнекі құбылысретінде болып өтті. Назарбаевтың төңірегіндегі «қарт адамдар» елге және әлемге қазіргі қалыптасқан жағдайда өздерін өте жайлы сезінетіндерін, Отан тағдыры жайлы ойлану қажет болған болған кезде күле және әзілдей алатындарын, жалпы ешқандай оқиға болмағандай кейіп таныту үшін жиналғандай әсер қалдырды.  Мұнымен қоса қалыптасқан атмосферадан мұның қарайым шаралардың бірі екенін де түсінуге болатындай әсер қалдырды. Сыртта күзет жасағы жеткілікті дәрежеде болғанымен, қарапайым адамдар мен қарапайым емес журналистер үшін есіктің жабық болғаны белгілі. Жаңа үкіметтің бірде-бір өкілі, тіпті қызмет бабы бойынша ресми ашылу рәсіміне қатысуға тиіс тұлғалардың болмағанын тағы да атап өткіміз келеді. Сондықтан, жұма күні өткен мен бүгіннің арасында айқын ажырату белгісі сызылған сызық сияқты көрінуі мүмкін, алайда  болашаққа қандай да бір болжам жасау өте қиын болды. Бұдан өзге мешіттегі ахуалдан жиынға қатысқан халықтың өздерін әлдеқайда қауіпсіз сезінетінін және Тоқаевтан да, оған адал болуға ант берген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ведомствоның сақшылары мен ҚМА сияқты жаңадан құрылған ұйым өкілдерінен де қорықпайтындай сыңайды көруге әбден болады. Бірақ мұндай «түйелердің» төбелесі «шыбындардың» қырылуына әкеліп соқтырмас үшін «жаңа» мен «ескі» қазақстандықтар тіл табыса алар ма екен? тәрізді ойдың қылаң беретіні анық.

Бұған кімдер қарсы?

Бірақ 12 тамызда болған оқиғада бір гәп болғаны белгілі. Көптеген адамдар танып-білуге мүмкіндік берілген мұндай құбылыстарды түрліше қабылдап жатты. Дегенмен, физикалық тұрғыдан алғанда, тіпті арнайы жабдықпен де көре алмайтын нәрсені аңғаруға тура келгені шындық дүние. Бұл жерде мәселе жұма күнгі болған іс-шарада бой көрсетпеген адамдар жайлы болып отыр. Әрине, бұл жерде біз бірінші кезекте, сол күні Қазақстан аумағында болса да, іс-шараға қатыспаған тұлғаларды айтып отырмыз. Ондай тұлғаларды ҰҚК астана бойынша ТИ күзет сақшылары шараға өткізбей тастады. Бірер күн бұрын атышулы қылмыстық іс бойынша фигурант ретінде айыпталып отырған ағайынды Нығматулиндердің ел алдына шығуы да сәл оғаштау көрінер еді. Бұл жерде біз Нұрлан мен Ерлан Зайроллаұлының жеке өздері туралы емес, «Қарағандылық клан» деп аталатын (дәлірек айтқанда, аталған) топ туралы айтып отырғанымызды естеріңізге сала кетейік. Қарапайым тілмен жеткізсек, оларды «қарттар» тізімінен де алып тастауға болар еді. Әрине, олардың бұрынғы кейбір жақтастары жаңа жағдайларға бауыр басып кетуі әбден мүмкін, алайда бұл жеке талданып, қаралатын оқиға. Кез-келген жағдайда олар ендігі жерде бірлескен қаржылық және саяси топтарды құра алмасы анық. Ең бастысы – қомақты ақша қаражатының үлкен саясатпен үйлесуіне жол бермеу. Жиында Назарбаевтың отбасы мүшелері де көрінбеді. Тіпті алыс туыстары мен құда-жекжаттары да байқалмады.  Бәлкім кейбірінің қатысқысы келген де шығар, алайда оларға мұндай мүмкіндік берілмеген болар. Дегенмен, олардың өздері «көпшілік алдында жарқырап көрінуден» мүлдем бас тартқан болар деген болжамдар айтылуда. Сол сияқты, Антикордың және (немесе) қаржы мониторингі агенттігі үшін кезекті нысанаға айналуы әбден мүмкін, «батысшылдардың» да өкілдері төбе көрсетпеді. Әрине, теориялық тұрғыда шарада көрінбеген адамдардың барлығын Ақорданың жауы ретінде атау түбегейлі дұрыс болмас еді, бірақ «қарындаштың ұшына» алуға болатыны даусыз. Қалай болғанда да, «Тоқаев пен оның Ко»-сы қойған шарттармен халықтың барлығы бірдей келісе бермейді және түрлі әдіс-тәсілдермен күресуге дайын деп нық сеніммен айта аламыз.

Міне, төңкеріс

Жалпы алғанда, билікті өзгертудің (ығыстырудың) екі негізгі әдіс-тәсілі бар, яғни бұған зорлық-зомбылық және сайлау арқылы қол жеткізуге болады. Бірақ бұл жерде айта кететін бір жайт, бүгін біз қалың бұқара мен қоғам туралы емес, олигархтар мен клептократтар туралы айтып отырмыз, сөйтіп олар дәл осы наразылық білдірген электоратты,  атап айтқанда сайлаушылар тобын өз мүдделеріне пайдалануға мүмкіндік алатын болады. Бірінші нұсқа, төңкеріс жайында айтар болсақ, әрине, біз мұны қанша айыптағанымызбен, мұндай әрекеттің нақты тұстары басымырақ келетіні белгілі. Иә, қаңтарда осындай алғышарттардың болғанын көпшілік жақсы біледі. Бұқара халықтың көшеге шығуы, бейбіт наразылық білдірушілердің ішінде жаппай тәртіпсіздіктер мен тонау тәрізді құқыққа қарсы іс-әрекеттерді тудыру үшін арандатушылардың пайда болуы және шынымен де қоғамдағы өзгерістерді қалайтын жастардың ажал оғына қарсы тұруға дайын болуы осы айтылғандардың айқын дәлелі болса керек. Мұндай оқиғаның мән-маңызын екінің бірі бөле жарып, ажырата алмасы анық,  сол сияқты дайындықтан өткен содырлардың болғанын мойындайтындар да кемде-кем. Әрине, олардың саны «20 мың» болмағаны белгілі, бірақ олардың тәртіпсіздіктерге қатысуын жоққа шығару қателік, тіпті қауіпті болатыны сөзсіз. Өйткені, олардың басым көпшілігі қазір бостандықта жүргенін әрі ел ішінде екенін халық жақсы біледі. Олардың қазірдің өзінде  нақты жауынгерлік тәжірибесі жетіп жығылады, сонымен қатар қаңтар оқиғасына деген ашу-ызаларын жинақтап жатқаны белгілі, бұл дегеніңіз тәуекелдерді одан әрі күшейтуге қол ұшын созатын үрдістердің бірі. Қарасай ауданы мен Алматыға жақын іргелес ауылдарда мұндай жауынгерлік бригадалар құрылуы мүмкін десек, бәлкім үлкен сырдың бетін ашпайтын болармыз. «Алтын Орда» базары белгілі бір бекініс, тірек ретінде қызмет етуі де әбден мүмкін, себебі оның төңірегінде осы уақытқа шейін тыныштықтың орнамай тұрғаны белгілі. Бұл тұрғыда Болат Назарбаев пен оған тиесілі (немесе оның өзі таңдаған) кәсіпорындардың айналасындағы дау-дамайды естен шығармағанымыз абзал.  Осы айтылғандардың барлығы дерлік теке-тірестердің, тіпті қазы-төрешілердің кабинетінен асып түскен үлкен «қақтығыстардың» құрамдас бөлігі болып табылып отырғанын жақсы білеміз.

Қысқа қайырып айтқанда, қазір «Елбасының інішектерін» оңалту процесі жүріп жатқан сыңайлы, оның басты мақсаты – облыстың басым бөлігін (жақында екіге бөлінген болса да), оның ішінде контрабанданы және белгілі бір дәрежеде күш құрылымдарын бақылауда ұстап қалу. Сондай-ақ, қылмыстық істердің қарқын алуына жол бермеу, ал өндірісте тұрған істерді сотқа дейін барынша құлдырату. Әрине, кейбір тұлғаларды құрбандыққа шалуға да болады, бірақ бұл Болат Әбішұлына және соңғы 20 жылда оның қасында болған тұлғаларға қатысты болмайтындай көрінеді. Мұндай кланның кез келген жағдайға қарсы тұра алатын өзіндік әрі белгілі бір дәрежеде бақыланып отыратын наразылық білдіруші электораттарының болатыны белгілі.

Республиканың батысындағы астыртын, жасырын құрылымдар да жойылмаған сыңайлы. Мұндай жасырын ұйымдар туралы осыдан 10-12 жыл бұрын бірнеше мәрте айтылған-ды, сондай-ақ Ақтөбе облысы мен облыс орталығында  күш құрылымдарымен болған теке-тірес шайқастар мен қақтығыстар мұның айқын көрінісі. Егер мұндай құрылымдар қаңтар оқиғалары кезінде аракідік бой көрсетсе де, ұсталғандар мен сотталғандардың арасында алардың болуы екіталай. Біз бұл жерде Сирияда әскери тәжірибе жинақтап, туған жеріне  аман-есен оралған адамдар туралы айтып отырған жоқпыз. Мұндай отандастарымыз еліміздің түкпір-түкпірінде жетіп артылатыны белгілі. Біз мәселені шиелендіріп, барынша күрделендіріп тұрған жоқпыз, мәселеге байыпты әрі салмақты көзқарас тұрғысынан қарайтын болсақ, онда бүкіл Қазақстанды қалағаныңызша «өртеп жіберуге» болады. Біз кез келген зорлық-зомбылық әрекеттеріне қарсымыз, әсіресе билікті өзгертудің мұндай жолы қоғамға жақсылық әкелуі екіталай құбылыс саналады.

Олар өзге жолды таңдады

Дариға Назарбаева да, сондай-ақ оның айналасындағы жақын адамдар да қоғаммен татуласуға құлшыныс танытып жатқан жоқ. Оның қолында «заңсыз қарулы ұйымдары» болуы екіталай, заңды құқықтық ықпалы да қалмаған сияқты. Есесіне, жекелеген алдын-алу соққыларына қарамастан, еліміздің ақпарат алаңында әлі де болса айтарлықтай үлеске ие. Бұған қоса, оның қолында ҚМА көрген түсінде ғана қол жеткізіп, тек армандай ғана алатын   айтарлықтай қаржылық ресурстар жетіп жығылады. Өзге кландар мен жекелеген топтар да барлық деңгейде өздерінің ақпараттық ықпалдарын кеңейтуге тырысуда, олардың кейбірі бөлшектеніп тынған, алайда белгілі бір жағдайларда бірігуі кетуі де ықтимал.

Негізгі әрі басты «жағдайлардың» бірі – кезектен тыс шұғыл сайлау өткізу. Түрлі болжамдарға сәйкес, олар қыс мезгілінің соңында немесе келесі жылдың көктемінің алғашқы екі айында өтуі бек мүмкін. Ол үшін ПӘ бақылауындағы, тіпті шамадан тыс қатты бақыланатын  парламент мән-жайды мұқият зерделенгеннен кейін наразылық білдірушілерге немесе қандайда бір өзге электоратқа қарағанда, қазіргі Ақордаға тиімді саналатын бірқатар заңдарды қабылдауы қажет болады. Қазірдің өзінде  ПӘ онға жуық осындай партилардың құрылатыны туралы түрлі формада мәлімдеп үлгерді, олардың едәуір бөлігін өткен жылы билік тізгінінде болған күштер ұйымдастыруы әбден мүмкін. Ол кезде мұндай күштердің кейбіріне парламентте өкілдік етудің ерекше қажеттілігі болған жоқ-ты, осылайша басты назар өңірлер мен жергілікті элиталарға көбірек бөлінген-тұғын. Дегенмен, республикалық деңгейде үкімет, министрліктер мен ведомстволар арқылы да әрекет етуге болатын еді. Қазір жағдайдың өзгеріп жатқаны белгілі, сондықтан жергілікті әкімдерді және мәслихаттарды сайлауға көбірек көңіл бөлінеді, ал Мәжіліс деңгейінде қосымша мүмкіндіктер де ашылуы мүмкін деген пікірде бар. Қалай болғанда да, сайлау кезеңін пиар құралы ретінде де, наразылық көңіл- күйін қыздыру үшін де қолданыла алады, мұндай әрекеттер күзгі маусымда кең өріс алатын болады, тек дайын тұрған шырпыға, от қойсаңыз болғаны, лаулап кете баратыны белгілі.

Әрекеттер мен қарсылықтар

Әрине, қазіргі режим де қол қусырып қарап отырған жоқ. Ұлттық гвардия мен қарулы күштерге қосымша өкілеттіктер бере отырып, қалыптасқан жағдайға жаңаша қаруланып жатқаны белгілі, осылайша  төтенше жағдай туралы заңды қайта қарап, өзгерістер енгізуді көздеп отыр. Сондай-ақ, кез келген бұйрықты тез және нақты орындауға мәжбүр болатын күш құрылымдары үшін бірқатар жеңілдіктер мен басқа да ынталандыру құралдары қарастырылған, ал мұндай бұйрық орындалмаған жағдайда қатаң жаза қолданылатын (жаңа заңдарға сәйкес) болады. Ақпарат саласы мен ақпарат аясын бақылауға келетін болсақ, біз қазірдің өзінде белгілі бір топтардың мүддесін қорғай алатын кейбір бұқаралық ақпарат құралдары мен блогерлерге бағытталған мақсатты шабуылдарды көріп отырмыз. Сонымен қатар, бір уақытта бұқаралық ақпарат құралдары туралы жаңа заң әзірлену үстінде, аталған заң қабылданған жағдайда сөз бостандығын алға жылжытуға кепілдік бере алмасы анық, есесіне барлығына және барлық іс-қимылдарға мемлекеттік бақылау күшейтілетін болады. Біз сайлау заңнамасы мен  жаңа партиялық құрылымдардың құрылуын бақылау туралы жоғарыда егжей-тегжейлі айтып өттік. Егер «Назарбаев тұсында» бұл тұрғыда осының барлығы нашар жағдайда болған болса, ендігі жерде көзге көрініп тұрғандай, билік өкілдері кейбір билік тізгінін сәл босаңсытуды, бірақ мойынға қатаң түрде қарғыбау салуды көздеп отырған тәрізді.

Алайда, Ақорда үшін ең маңыздысы – билікке немесе оның белгілі бір бөлігіне ұмтылуға ниетті адамдардың қаржы көздерін толық және жан-жақты бақылау. Өйткені, күні кеше ғана одақтас саналған бұрынғы кландарды ыдыратып, бір-біріне жау етіп, полицияны күшейтіп, заңдарды қатайту мұндай режимге жеткіліксіз әрі аздық етеді. Режим қарапайым ережеден туындайтыны белгілі. Яғни, егер сіз активтер мен әлеуетті ықтимал демеушілерді бақылайтын болсаңыз, онда өз болашағыңыз үшін сондай алаңдаудың қажеті жоқ. Алайда, бұл алдамшы пікір.

Шынында, қолдағы тәжірибеге зер салып, байыппен зерделейтін болсақ (соның ішінде қаңтардағы тәжірибені қоса алғанда) елдегі билікті сайлау арқылы немесе кез-келген өзге де жолмен өзгерткісі келетін адамдардың, мұндай әрекеттерді адал ниетпен әрі шын жүректен жасағысы келетіндердің саны әлдеқайда көп екенін көрсетіп отыр.

Мирас Нурмуханбетов




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.